Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2025

Қазақтың алғашқы дәрігер қызы

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аққағаз Досжанова – Мәскеуде бiлiм алған қазақтың алғашқы дәрiгер қыздарының бiрi. 

Қазақтың алғашқы дәрігер қызы

Аққағаз Досжанованың өмір сүрген ХХ ғасырдың бас кезі дәрігер мамандардың тым тапшы заманы еді. Сондықтан жас дәрігер терапевт, акушер-гинеколог, дерматолог секілді медицинаның бірнеше саласын қатар алып жүрді.

Дәрігерлік біліктілігімен қоса Аққағаз Досжанованың қайраткерлік қасиеті де мықты болған-ды. «Әйел теңдігі», «Абай», «Жас азамат» тәрізді журналдарда жазбалары жарияланып тұрды.

Сондай-ақ, бірінші Дүниежүзілік соғыс пен Азамат соғысы жүз мыңдаған адамның өмірін қиып, мыңдаған бала жетім қалды. Сонда қаһарман қыз жетімдерді балалар үйлеріне орналастырып, оларды емдеумен де айналысты.