Қоғам • 08 Наурыз, 2025

Жамбыл облысында 10 жастағы баланы ит талап тастады

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында қаңғыбас иттер 10 жастағы баланы талап тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында 10 жастағы баланы ит талап тастады

Оқиға 25 ақпанда болған. Бала сабақтан үйіне қайтып келе жатқан кезде үйінің жанында бірнеше қаңғыбас ит тап беріп, талап тастай жаздаған.

Бала шұғыл түрде орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер баланың көп жері жарақаттанғанын айтты. Оның басының самай тұсынан, маңдайы, екі беті мен мұрны жарақат алған.

«Бала ауруханаға түскен кезде алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жаралары өңделіп, антибиотиктер тағайындалды. Психолог пен офтальмолог дәрігерлер баланың ата-анасына кеңес беріп, оны бүгін үйіне шығарды. Қазір жағдайы қанағаттанарлық», – деді Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев.