Жұмысшы мамандықтар жылы • 11 Наурыз, 2025

Жұмысшы мамандар марапатталды

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің бастамасымен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде марапаттау шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмысшы мамандар марапатталды

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Сала министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше наурыз айының екінші сенбісі – жерге орналастыру, геодезия және картография күні саналады. Марапаттау шарасының ашылуында АШМ вице-министрі Е.Тасжүреков, Ұлттық ғылым академиясының академигі З.Дүйсенбеков, Мәжіліс депутаты Н.Әшімбетов құттықтау лебіздерін жеткізді. 

«Сіздердің біліктіліктеріңіздің арқасында жер ресурстарын басқару жүйесі жетілдіріліп, тұрақты дамып келеді. Залда болашақ жерге орналастырушы, геодезист және картограф маман болатын студенттер отыр. Сіздер осы саланың ертеңі, еліміздің болашағысыздар», деді Е.Тасжүреков. 

Шара барысында жер саласында талай жыл үздіксіз қызмет жасап келе жатқан мамандар еңбегі жоғары бағаланып, 17 азамат «Құрметті жерге орналастырушы» салалық төсбелгісімен, 29 маман «Үздік жерге орналастырушы» Құрмет дипломымен марапатталды.