Аймақтар • 12 Наурыз, 2025

Жамбыл облысында 218 көлік айып тұрағына қойылды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында «Борышкер -2025» жедел алдын-алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шара айыппұлды дер кезінде өндіріп, бұқараға әкімшілік айыппұлды уақытылы өтеу қажеттігін түсіндіруге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz  Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 218 көлік айып тұрағына қойылды

Жолда өткізілген рейдтік іс-шара кезінде патрульдік полиция қызметкерлері борышкерлердің тиісті дерекқоры негізінде автокөліктердің нөмірін тексерген. Тексеру барысында көлік жүргізуші сол тізімнен табылса, автокөлікті қарыз өтелгенге дейін айып тұрағына қою міндеттелген.

«Рейдтің екі күнінде өндірілген сома 34 миллион 901 мың теңгені құрады. Полиция қызметкерлері борышкерлердің 1429 мекенжайлары бойынша аулаларын аралап шықты. Сот орындаушыларының қаулыларына сәйкес мамандандырылған айып тұрағына 218 борышкердің автокөлігі қойылды», дейді Жамбыл облыстық ПД ӘПБ бастығының орынбасары Ержан Мананбаев.

Соңғы жаңалықтар

Табиғат сынағына тосқауыл

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Келелі кеңес келешегі

Пікір • Бүгін, 08:58

Сот төрелігіне сенім артып келеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:55

Астықтан – азыққа дейін...

Өндіріс • Бүгін, 08:40

Алғыс арқалаған әкім

Қоғам • Бүгін, 08:38

Интернатта оқып жүр...

Білім • Бүгін, 08:28

Жамбыл бабадан бата алған

Зерде • Бүгін, 08:25