Спорт • 12 Наурыз, 2025

Семсерші ерлер Гран-при кезеңіне қатысады

44 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шпагамен семсерлесуден Гран-при кезеңі Венгрияның бас қаласы Будапештте өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семсерші ерлер Гран-при кезеңіне қатысады

Фото: olympic.kz

Осы айдың 14-16 күндері өтетін аталған халықаралық турнирге Қазақстан ерлер құрамасы қатысады, нақты атағанда 11 отандық шпагашы жүлде үшін сайысады. 

Семсершілердің тізімі olympic.kz-те жарияланды, олар: Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаймов, Ерлік Сертай, Руслан Курбанов, Нұржан Әбжанов, Георгий Тинников, Богдан Лукин, Кирилл Проходов, Александр Федотов, Кирилл Павлов, Никита Жулинский.