
Фото: Ерлан Омар
Айта кетейік, Мемлекеттік кірістер комитеті жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін және жеке кәсіпкерлермен өзара есеп айырысу арқылы салықтық міндеттемелерін оңтайландыратын салық төлеушілерді әкімшілендіруді жалғастырып жатыр.
«Талдау қорытындысы бойынша 633 салық төлеушіге, оның ішінде 172 құрылыс саласында (ірі құрылыс компанияларын қоса алғанда), 102 сауда және басқа да қызмет түрлерімен айналысатын компанияларға салық салынатын кірістерін төмендету белгілері бойынша хабарламалар жіберілді», делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, бірқатар ірі құрылыс компаниялары қаржылық ағындардың ашықтығы мен құрылыс саласындағы көлеңкелі схемаларды жою үшін цифрлық шешімдерді әзірлеуге және қаржыландыруға бастамашылық білдірген.