Оқиға • 13 Наурыз, 2025

Рельске қысылып қалған автокөлік пойыздың жолын бөгеген

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға 12 наурызда сағат 15:46-да болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рельске қысылып қалған автокөлік пойыздың жолын бөгеген

Фото: «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Алматы-2 – Павлодар бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі темір жолға белгіленбеген жерден шығып, рельстер арасында қысылып қалған Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігінің кесірінен шұғыл тежеуді қолдануға мәжбүр болған.

Сол тұстан өтіп бара жатқан теміржолшылар жедел қимылдап, жол талғамайтын көлікті қауіпсіз жерге сүйреп апарған, ал, жүргізуші сол жерден қашып кеткен.

Оқиға салдарынан пойыз 16 минутқа кідірген. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Биыл қаңтар-ақпан айларында теміржол өткелдерінде автокөлік  жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты 4 жол-көлік оқиғасы болып, жолаушылар мен теміржол қызметкерлерінің өміріне қауіп төндірген.