
Фото: Бокс федерациясы
Бүгін ширек финалға шығатын Қазақстанның 10 боксшысының бірі Жасмин Қизатова (66 келі) ширек финалда этникалық қазақ боксшы Альбина Молдажановамен кездеседі.
1bol.kz ақпаратынша Ресей боксшысы Альбина Молдажанова бұған дейін Еуропа чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Түмен облысының Тобыл қаласында туған қандасымыз биыл 24 жасқа толады. Ол 2020 жылы Ресей ұлттық құрамасына қосылған. Ал 2023 жылы Черногорияда өткен жастар арасындағы Еуропа біріншілігінде топ жарған.