Оқиға • 14 Наурыз, 2025

Маңғыстаудағы жол апатынын екі жасөспірім қайтыс болды

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы Жаңаөзен тас жолында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстаудағы жол апатынын екі жасөспірім қайтыс болды

Фото: Ашық дереккөз

Куәгерлердің айтуынша, сол маңдағы жүргізушілер зардап шеккендерге жедел көмек көрсетіп, көліктің ішіндегі адамдарды сыртқа шығаруға тырысқан.

Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, апат салдарынан бес адам зардап шеккен, оның ішінде екі бала ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Өкінішке қарай, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмаған.

Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.