Үкімет • 18 Наурыз, 2025

Нақты іс-шаралар жоспары әзірленеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың Бурабай­да өткен IV отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген бастамалар мен берген тапсырмаларды орындау жұмысын ұйымдастыру жөнінде жиын өткізді.

Нақты іс-шаралар жоспары әзірленеді

Басқосуға Президент Әкімшілігінің, Мәдениет және ақпарат, Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту, Ұлттық экономика, Туризм және спорт, Сыртқы істер, Әділет министрліктерінің және Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Ерлан Қарин Мемлекет басшысы өз сөзінде мәні зор гумани­тар­л­ық, әлеуметтік-экономика­лық, инфрақұрылымдық жобалар туралы айтқанын және басқа да заңнамалық сипаттағы бірқатар маңызды тапсырма бергенін атап өтті.

Мемлекеттік кеңесші жауапты органдарға Президенттің бастамалары мен тапсырмаларын жүзеге асыруға қатысты нақты құрылымы бар Іс-шаралар жоспарын мұқият пысық­тап, әзірлеу туралы тапсырма берді. Сондай-ақ ол Ұлттық құрыл­тайдың IV отырысының жұмыс сек­циялары мен пленарлық бөлігін­де құрылтай мүшелері берген ұсы­ныс­тарды іске асыруға қатысты бөлек жоспар әзірлеуді тапсырды.

Ерлан Қарин Президент бас­тамаларын жүзеге асыру туралы айта келіп, алдағы уақытта ат­қарылатын бірлескен жұмысқа барлық мүдделі мемлекеттік органдар, құрылтай мүшелері, депутаттар мен сарапшылар белсене атсалысуы қажет екенін ерекше атап өтті. Мемлекеттік кеңесшінің пайымдауынша, Президент ұсынған мәні зор жобалар мен бастамаларды қоғам арасында және ақпарат кеңістігінде түсіндіру өте маңызды.

Мемлекеттік кеңесші жиын­ды қорытындылап, Ұлттық құрыл­тайдың IV отырысында Прези­дент айтқан міндеттерді сапалы орындау қажет екеніне баса назар аударды.

 

Соңғы жаңалықтар