
Фото: Видеоскрин, «ҚазАвтоЖол».
«Қандыағаш – Ембі - Шалқар - Ырғыз» республикалық автожолының 92 шақырымындағы Жем көпірі маңындағы айналма жолда су тасқыны тіркелген.
7 арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылып, мамандар мониторинг жүргізіп жатыр.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше тасқынның ұзындығы 100 метрді, ал биіктігі 50 см құраған. Су деңгейі көтерілгендіктен көпірден өтетін барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, ал жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық.