Балалар • 18 Наурыз, 2025

Балабақшадағы байбалам: бір бала жансақтау бөліміне түскен

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күні кеше Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы «Нұрай» бөбекжай бақшасында бір топ бала уланып, түгелдей ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады. Бүгін облыс әкімдігінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты мәлімет таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балабақшадағы байбалам: бір бала жансақтау бөліміне түскен

«2025 жылдың 17 наурыз күні Меркі аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне Меркі ауылы Ойтал учаскесі «Нұрай» бөбекжай бақшасының 10 тәрбиеленушісі келіп түскен. Оның ішінде 9 жағдай жіті ішек инфекциясы, 1 жағдай энтеровирусты инфекция диагнозымен тіркелген. 1 жасөспірім жансақтау бөліміне ауыстырылған, жағдайы бірқалыпты (оң нәтижелер байқалуда). Осыған байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес жұмысшы топ құрылып, әр баланың жағдайымен танысып, орын алған жағдай зерделенуде. Аурудың неден шыққаны анықталуда.

Қазіргі таңда ауруханада қосымша төсек орны қажетілікке байланысты дайын. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бүгінгі күнге Меркі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен тексеру жұмыстары басталып, барлық сынамалар алынған, қорытындысы күтілуде.

Аталған бөбекжай жұмысы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін екі тәулікке тоқтатылып, ата аналарға ескертілді», делінген облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ресми дерекке сенсек, қазіргі кезде құзырлы орган қызметкерлері арнайы тексеру жұмысын жүргізіп жатқан көрінеді. Нәтижесіне сәйкес тиісті шешім қабылданбақ.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25