
Фото: polisia.kz
Жыл басынан бері полиция 664 қару, 54 граната және 8 мыңға жуық оқ-дәрі тәркілеген.
Жалпы қабылданған шаралардың арқасында соңғы үш жылда 8 541 түрлі қару, сондай-ақ 870 граната мен 118 246 оқ-дәрі табылған. Сонымен қатар жедел іс-шаралар барысында еліміздің әртүрлі өңірінде 2 316 қару сақталған 772 орын анықталған. Бүгінгі таңда 1 263 қарудың қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны белгілі болды.
«Тәркіленген қалған 7 278 қарудың тіркеу нөмірлерін қаскөйлер қасақана жойған. Осыған байланысты олар бойынша қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі», деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.