Заң • 20 Наурыз, 2025

Қызметтік иттер 100-ден астам есірткі қылмысын анықтаған

621 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың екі айында қызметтік иттер 600 килограмнан астам есірткі, оның ішінде 48 килограмм синтетикалық есірткіні анықтап, таралуының алдын алды, деп жазады Egemen.kz.

Қызметтік иттер 100-ден астам есірткі қылмысын анықтаған

Фото: polisia.kz

Қазіргі уақытта ІІМ кинологиялық бөліністерінің қызметкерлері «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында елдің барлық аумағында есірткі құқық бұзушылықтарын анықтау бойынша жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр. 

СҚО-да рейд кезінде жолда тоқтатылған автокөліктен Виола лақап атты қызметтік-іздестіру иті 30 грамнан асатын мефедрон есірткі затын тапқан. Ал ұсталған адам есірткі жасырушысы болып шыққан.

Осыған ұқсас жағдай республикалық маңызы бар Алматы - Астана автожолында болған. Онда полиция қызметкерлері тексеру үшін көлікті тоқтатып, тексеру барысында Тея қызметтік итінің көмегімен жалпы салмағы 11 килограмнан асатын гашиш есірткісі тәркіленген.