Тұлға • 20 Наурыз, 2025

20 наурыз - музыкатанушы Александр Затеевич дүниеге келген күн

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1869 жылдың 20 наурызында әйгілі композитор, этнограф және музыка зерттеушісі Александр Затаеевич өмірге келді. Ол саналы ғұмырын қазақ ән-күйін жинақтауға, оны хатқа түсіріп, дәріптеуге арнаған бірегей тұлға.

20 наурыз - музыкатанушы Александр Затеевич дүниеге келген күн

Ол Қазақстан музыкалық фольклорының 2300-ден астам шығармасын жазып алды.

А.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» (Орынбор, 1925), «500 қазақ әні мен күйі» (Алматы, 1931), «1000 қазақ әні» (Мәскеу, 1963) жинақтары қазақ халық музыкалық мәдениетінің ежелгі заманнан бергі ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы бірегей антологиясы есептелетін қазақ фольклористикасы саласындағы маңызды ғылыми зерттеулер.

А.Затаевичтің өмірі мен қызметін еске алу үшін еліміздің бірқатар қалаларында ескерткіш орнатылып, көшелерге есімі берілді.