Жаз айларында баланың қауіпсіздігі отбасына оңайға түспейтіні бар. Ойын баласының қатерге барып ұрынғанын ата-ана байқай алмай қалады. Жаз бойы балалар ауруханасына жарақат алып түсетіндер толастамайды. Соңғы жылдары пластикалық терезенің торланған көзінен кішкентай сәбилердің құлап кету оқиғалары жиілеп жүр. Рудный қаласында жарты айдың ішінде екі қайғылы оқиға орын алды. Осы қаладағы биік үйдің 5-ші қабатынан әлі екі жасқа толмаған ер бала құлап кетіп, тіл тартпай кетті.
– Анасы санаулы минутқа ғана ваннаға кіріп кеткенде, ас бөлмесінде қалған бала тырмысып терезенің алдына шыққан. Терезеге бекітілген торға сүйенгенде құлап кеткен. Бала ауруханаға жеткізілген соң бір сағат болмай көз жұмды, – дейді Рудный қалалық ішкі істер басқармасы жасөспірімдер полициясының топ аға инспекторы Татьяна Гусева.
Бір жарым жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетуі де осы қалада орын алды. Бірақ тірі қалды. Балаға қарап отырған әкесінің көзі ілініп кеткенде, сәби терезеге өрмелеп, алдына шыққан да, тағы да сол торлы терезеге сүйенем деп төмен құлдыраған.
– Бұл баланы періштесі қаққан болуы керек, жамбасы сынған, басынан жарақаттанған, бірақ өміріне қауіп жоқ. Мүмкін жұмсақ жерге немесе шөптің, бұтаның үстіне құлаған болуы керек. Әдетте, биіктен құлаған балалардың өмірін сақтап қалу қиын. Өйткені, кішкентай балалардың басының көлемі ірі болады да, олар биіктен құлағанда басымен «ұшады». Қол-аяғы сынса оның жарасы жеңіл, басынан алған жарақат өміріне өте қауіпті, – дейді Рудный қалалық ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Всеволод Галенко.
Өткен жылы да Рудныйда екі бала терезеден құлап кеткен болатын. Ал облыста мұндай оқиғаның төртеуі тіркелген. Полицейлер мен дәрігерлер баланың тыным таппай жүгіретін, қауіп-қатерді түсінбейтін кезінде терезеге өте ықтият болуды тапсырады. Баласы құлаған терезеден қайғы кіретінін әркім түсінуі тиіс.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
РУДНЫЙ.

Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47
Өрт сөндіру техникаларына кедергі келтірген көліктер жаппай эвакуацияланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:28
Щучинск тұрғыны сотқа жалған айғақ бергені үшін бас бостандығынан айырылды
Заң • Бүгін, 15:19
Биыл Астанада 24 апатты үй сүріледі
Елорда • Бүгін, 15:15
Конгода Эбола індетінен 232 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 15:03
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:58
Ұлттық банк: Құжаттардағы «тенге» сөзі «теңге» болып өзгертіледі
Теңге • Бүгін, 14:49
Мал ұрлығымен айналысқан 58 қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:36
Кибер-күзетші: Қарағандыда робот-ит сынақтан өтіп жатыр
Digital • Бүгін, 14:21