Мерекелік шаралар барысында полиция сержанты Архат Фархатұлы жалғыз жүрген кішкентай баланы байқап, бірден жағдайды бақылауға алған.
«Архат бейжай қалмай, баланың ата-анасын іздеуге кірісті. Полицейлер оны жақын арада тауып, отбасына қайтарды. Бала дін аман, өздерін жақсы сезініп тұр. Ата-анасы полиция қызметкерлеріне жедел әрекеті мен көмегі үшін алғыс айтты», – делінген хабарламада.
Тәртіп сақшылары мерекелік іс-шараларда балаларға мұқият болуды және оларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.