Спорт • 25 Наурыз, 2025

Ұлыстың ұлы күнінде жас спортшылар сынға түсті

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-23 наурыз күндері ARDA TEAM командасы Riviera International School by Quantum және Copa.kz спорт дүкенінің қолдауымен 2015-2016 жылы туған жасөспірімдер арасында Наурыз мерекесіне орай футбол турнирін ұйымдастырды.

Ұлыстың ұлы күнінде жас спортшылар сынға түсті

Турнирге қала мен облыстың алты футбол мектебінен сегіз команда, 96 жас футболшы және 8 жаттықтырушы қатысты.

Жарыста А тобында  Invictus Maneo, ARDA B, Senim A, ZhaStar командалары сынға түссе, В тобында Жас-Тұлға, Aibyn 2016, ARDA A, Senim B командалары бақ сынасты.

Турнирге қатысқан барлық командалар грамоталар мен медальдарға ие болды, ал жеңімпаздар кубоктар, медальдар, сертификаттар және демеушілерден арнайы сыйлықтармен марапатталды.1

- Бұл шара балалар мен жасөспірімдер футболын дамытып, қолдауды, футбол клубтары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуды, жас спортшылардың шеберлігін арттырып, тәжірибе жинақтауына мүмкіндік беруді мақсат етеді. Сонымен қатар жеткіншектердің футболға деген қызығушылығын арттырып, олардың шеберлігін шыңдауға және достық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен үлес қосты, - дейді жарысты ұйымдастырушылар.

Соңғы жаңалықтар