
Фото: kff.kz
Құраманың бас бапкері Әли Әлиев ойын басында Сейсен, Вороговский, Быстров, Әліп, Марочкин, Астанов, Жуков, Оразов, Самородов, Чесноков, Сәтбаевты алаңға шығарды.
Кездесу Лихтенштейннің Вадус қаласындағы «Райнпарк» стадионында өтті.
2026 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің екінші ойынында ұлттық құрама сапынан 42 минутта алғашқы голды М. Сомородов соқты. 1 тайм аяқталатын 45 минутта отандастарымыз есепті 2: 0-ге жеткізді. Екінші голдың авторы - А. Морочкин.
Енді ұлттық құрама келесі ойынын 9 маусымда өз алаңында Солтүстік Македонияға қарсы өткізеді.