Аймақтар • 27 Наурыз, 2025

Ұлытау облысында жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлытау облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Ұлытау ауданында орналасқан ЖШС-ін жоспардан тыс тексеру кезінде 90 000 гектар жайылым жер ұзақ уақыт пайдаланылмағанын анықтаған, деп жазады Egemen.kz.

Ұлытау облысында жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Серіктестікке учаскені игеру туралы ұйғарым берілсе де, талаптар белгіленген мерзімде орындалмай, департамент жер учаскесін мәжбүрлеп қайтару үшін сотқа жүгінген.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот департаменттің талабын оң деп тапқан. Ұлытау облысының соты апелляциялық шағымды қабылдамай, шешімді күшінде қалдырды. Шешім заңды күшіне еніп, жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған.
Министрлік пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерін қайтару жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.