Оқиға • 27 Наурыз, 2025

Ақтөбеде полицейдің мәйіті өз үйінен табылды

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл деректі қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде полицейдің мәйіті өз үйінен табылды

Фото: Ашық дереккөз

Ведомствоның мәліметінше, марқұм полицейдің денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

«Мәйіт тұрғылықты мекенжайынан табылды. Өлімнің сыртқы белгілері бойынша қандай да бір күш қолданылғаны байқалмайды», деп хабарлады департамент өкілдері.

Айта кетейік, қызметкердің бұрын жасалған операциядан кейін ем қабылдап жүргені де атап өтілген.

Қазіргі таңда оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.