Құтқарушы • 27 Наурыз, 2025

Ақаулы автобустан 48 шетелдік эвакуацияланды

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысына қарасты Хромтау ауданы аумағында республикалық маңызы бар жолда жолаушылар автобусы бұзылып қалған, деп жазады Egemen.kz.

Ақаулы автобустан 48 шетелдік эвакуацияланды

Фото: aikyn.kz

Нақты айтқанда, «РФ шекарасы - Ақтөбе - Кызылорда - Алматы - ҚХР» тас жолының «Шымкент - Мәскеу» бағыты бойынша 789 шақырымы тұсында тоқтаған ақаулы автобустан ТЖМ қызметкерлері жақын маңдағы жол бойындағы кафеге 48 жолаушыны, оның ішінде 4 баланы эвакуациялаған.

«Эвакуацияланғандардың барлығы Тәжікстан Республикасының азаматтары. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.