
Фото: ТСМ Спортты дамыту дирекциясы
ТСМ Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, ұлттық құрама спортшыларынан алғаш болып бозкілемге шыққан Светлана Анкичева (50 кг) ширек финалда Ю Линнің (Қытайдың Тайпейі) жауырынын жерге тигізді.
Ал 55 кг дейінгі салмақтың ширек финалында Зүлфия Яхьярова моңғолиялық Отгонтуя Баянмухқа есе жіберді.
59 келіде Гүлдана Бекештің де жолы болмады. Ол Солтүстік Корея өкілі Пиол Хоннан жеңіліп қалды. Ал Ирина Казюлина (68 кг) ширек финалда Қытай спортшысына жол берді. Енді олардың қарсыластары финалға өтсе, отандастарымыз жұбаныш белдесуінде күреседі.