Заң • 31 Наурыз, 2025

СҚО-да аудан әкімнің орынбасары пара алғаны үшін сотталды

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО-дағы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысы жолдарды жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін жергілікті кәсіпкерден 10 миллион теңге пара алған, деп жазады Egemen.kz.

СҚО-да аудан әкімнің орынбасары пара алғаны үшін сотталды

Фото: Жоғарғы сот

Бас Прокуратура айыпталушылардың кінәсі нақты фактілермен дәлелденсе де өздері оны мойындамағанын мәлімдеді. 

Петропавл қалалық соты прокуратураның ұстанымымен келісіп, кінәлі тұлғаларды 3 жыл 6 айдан бастап 7 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыруға соттаған.

Сонымен қатар, оларға өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды жұмыстарды атқаруға  тыйым салынған.
 
Сотталғандар жазаларын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінде  өтейді. Үкім заңды күшіне енген.