Әлем • 31 Наурыз, 2025

Пентагон 76 мың қызметкерін жұмыстан босатпақ

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) әскери ведомстводағы азаматтық қызметкерлер санын қысқарту туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Пентагон 76 мың қызметкерін жұмыстан босатпақ

Фото: antimafia.se/news

Құжатқа АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет қол қойған. Бұл шешім АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің мемлекеттік құрылымдардағы қызметкерлер санын азайту саясаты аясында қабылданған.

Бұған дейін соғыс ардагері және Fox News телеарнасының бұрынғы жүргізушісі Пит Хегсеттың қорғаныс министрі болып тағайындалуы АҚШ қоғамында үлкен талқыға түскен еді. Енді оның басқаруымен Пентагонда ауқымды өзгерістер басталып жатыр.

76 мың қызметкерді қысқарту АҚШ қорғаныс жүйесіне қалай әсер ететіні әзірге белгісіз. Сарапшылар бұл шешім әскери ведомстводағы жұмыс процесін айтарлықтай өзгертуі мүмкін деп болжайды.

Соңғы жаңалықтар

Тазылар тартысқа түсті

Аймақтар • Кеше