Қоғам • 31 Наурыз, 2025

Шерзат ісіне қатысты сот қашан және қалай өтеді?

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының соты атышулы іс бойынша сот отырысы қашан басталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Шерзат ісіне қатысты сот қашан және қалай өтеді?

Ресми мәліметке сәйкес, іс бойынша алдын ала тыңдау 10 сәуір сағат 12:00-де Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қаблиса жырау көшесі, №65 мекенжайында орналасқан Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтеді.

- Ашық сот отырысының өтуі тағайындалды, - деп хабарлады облыстық сот.

Еске салайық, былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөспірім қайтыс болған еді. Бұл оқиға қоғамда үлкен шу тудырды.