Әлем • 31 Наурыз, 2025

Дональд Трамп: Зеленский келісімді бұзбақшы

83 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл турасында АҚШ президенті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дональд Трамп: Зеленский келісімді бұзбақшы

Трамптың айтуынша, Украина президенті НАТО мүшесі болғысы келеді. Бірақ Ақ үй басшысы мұны мүлде қолдамайтынын айтқан. 

АҚШ президенті Владимир Зеленскийге сирек металдар бойынша құжат жүзеге аспаса, жағдайы тіпті қиындай түсетінін жеткізген.

Трамп Украина президентінен Ресеймен екі ортада қақтығыс басталғалы АҚШ берген қаражатты толығымен қайтарып беруді талап еткен. Алайда Зеленский келісімшарттың олай жасалмағандығын, қаржының өтеусіз әскери көмек ретінде берілгенін айтып отыр.