Үкімет • 01 Сәуір, 2025

Мемлекеттік қызметтегі бизнес-процестерді оңтайландыру қажет - Олжас Бектенов

78 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру мәселесі қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов бүгінгі таңда мемлекет пен банктер арасындағы серіктестіктің оңтайлы нәтижелері бар екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік қызметтегі бизнес-процестерді оңтайландыру қажет - Олжас Бектенов

Фото: Ашық дереккөз

Сонымен қатар ол банктік қосымшалар арқылы жүретін қарапайым әрі жылдам процестердің арқасында онлайн-қызметтермен қамту деңгейі артып келе жатқанын атап өтті. 
«Жалпы мемлекеттік қызметтердегі бизнес-процестерді оңтайландыруға баса назар аудару керек. Пайдаланушылар өздеріне қажетті қызметтің бәрін ең көп дегенде, «екі батырманы басу арқылы» алуы тиіс. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жасанды интеллектіні белсенді түрде енгізу керек. Бірінші кезекте, «электронды үкімет» платформасында осыған басымдық берілуі тиіс. Оны қолдану мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуі және халықтың көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін жеңілдетуге ықпал етуі тиіс», деді Олжас Бектенов.
Премьер-министр E-Gov инфрақұрылымы 24/7 режимінде мінсіз жұмыс істеуі керек екенін атап өтіп, серверлік жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бағытында қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.
Соңғы жаңалықтар

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • Кеше

«Жеміс»

Мың бір мысал • Кеше

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Мода дегеніміз...»

Сатира • Кеше

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • Кеше