Қоғам • 01 Сәуір, 2025

Еліміздің пойыздарында интернет қашан қолжетімді болады?

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков қазақстандық пойыздарда интернет қашан қолжетімді болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Еліміздің пойыздарында интернет қашан қолжетімді болады?

Оның айтуынша, жоба қаңтар айында басталған.

«ҚТЖ-ның мәліметі бойынша, біздің елде «Тальго» пойыздары жұмыс істейтін 16-ға жуық бағыт бар. Техникалық тұрғыда бүгінде пойыздардың ішінде интернетті тек осы пойыздар таратуға қауқарлы. Тиісінше, бұл жүйені кеңестік кезеңнен қалған ескі жүйеге енгізу мүмкін емес.Сондықтан біз қазір ҚТЖ-мен осы мәселені пысықтап, барлық 16 бағытта интернетті толыққанды қамтамасыз ету жоспарларын белгілеп жатырмыз. Бұл билеттер құнына әсер етпеуі үшін олармен келіссөздер жүргіземіз», деді Дамир Сейсембеков.

Сонымен қатар ол қазіргі таңда пойыздардың бірінде интернет бар екенін айтты.

«Астана мен Алматы арасында көптеген пойыздар жүреді, бірақ олардың біреуінде ғана интернет бар. Қазір белсенді тестілеу кезеңі жүріп жатыр, жалпы кері байланыс жақсы. Уақыт туралы жаңылыстырғым келмейді, бірақ бірінші жартыжылдықтың соңында техникалық пилоттық жұмыстың қорытындысы шығарылады деп ойлаймын. Жоғарыда айтқанымдай, интернет орнату жоспарлы түрде, ең алдымен жолаушылар ағыны көп бағыттарда жүргізіледі. Сондай-ақ мобильді қамту мүлдем жоқ бағыттар бойынша жүретін пойыздар бар, оларды бірінші кезекте қамтамасыз етеміз», деді ол.

Оның айтуынша, жұмыс биыл да жалғасады, бірақ бұл процестің қашан толық аяқталатынын айту қиын.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35