
Фото: Видеодан алынған кадр
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, қайғылы оқиға түнгі сағат 00:45-те Bypass Rd тасжолында болған. Ер адам жоғары жылдамдықпен келе жатып, мопедін басқара алмай, жол апатына ұшыраған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Бастапқыда жергілікті билік оның ұялы телефонында орыс тіліндегі жазуды байқап, оны «Ресейден келген турист» деп хабарлаған. Алайда кейінірек марқұмның Қазақстан азаматы екені және Пхукетте жұмыс істейтіні белгілі болған.
Қазір Таиланд билігі оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр.