Әлем • 02 Сәуір, 2025

Екі тараптың басшыларынан көңілім қалды - Трамп

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ Президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыстың ұзаққа созылуына байланысты екі тараптың да көшбасшыларынан көңілі қалғанын айтты. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Екі тараптың басшыларынан көңілім қалды - Трамп

Фото: Ашық дереккөз

Sky News-тің мәліметінше, өткен жексенбіде Трамп бейбіт келісімнің кешеуілдеуіне байланысты Владимир Путиннен көңілі қала бастағанын айтқан. Алайда бүгін Ақ үй бұл пікірді нақтылап, АҚШ президентінің Ресей мен Украина басшыларынан көңілі қалғанын жариялады.

«Соғыс тым ұзаққа созылды, көптеген адам қаза тапты. Біздің команда Ресеймен де, Украинамен де байланыста. Ал президент бұл мәселеге күнделікті көңіл бөледі», деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы.

 

Соңғы жаңалықтар

Тазылар тартысқа түсті

Аймақтар • Кеше