Туризм • 02 Сәуір, 2025

Гуанчжоу мен Алматы арасында тікелей рейстер ашылды

2042 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді туристер Гуанчжоудан Қазақстанға тікелей рейспен жетіп, еліміздің көрікті жерлерімен таныса алады. Air Astana Алматы мен Қытайдың мегаполисі арасында жаңа тұрақты бағдарды ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гуанчжоу мен Алматы арасында тікелей рейстер ашылды

Фото: Air Astana

Жаңа рейс аптасына үш рет сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Кестеге сәйкес ұшақ Гуанчжоудан таңғы сағат 06:50-де ұшып, Алматыға сағат 10:20-да келеді. Қазақстаннан рейс кешкі сағат 20:50-де жөнелтіледі және келесі күні сағат 05:45-те Гуанчжоуға қонады (барлық көрсетілген уақыттар жергілікті).

Жаңа бағдардың ашылуына орай «Kazakh Tourism» компаниясы және Air Astana Гуанчжоудан келген жетекші туроператорлар, журналистер мен блогерлер үшін Қазақстан бойынша таныстыру турын өткізіп жатыр. Шетелдік меймандар оңтүстік астананың және Алматы облысының негізгі туристік көрікті жерлерін аралайды. Оның ішінде Шымбұлақ тау шаңғысы курорты, Шарын шатқалы мен Көлсай көлдері бар. Туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мақсатында қазақстандық және қытайлық туроператорлар арасындағы B2B-кездесулер де жоспарланған.

Өткен жылы Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының қорытындысы бойынша Аспан асты елінен келушілер қатары 78% артып, 655 мың адамды құраған. Бұл еліміздің туристік бағыт ретінде тартымдылығының артқанын көрсетеді.

Айта кетейік, екі елдің басшылары 2025 жылды Қазақстандағы Қытай туризмі жылы деп жариялаған еді.