
Фото: Жоғарғы Сот
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам 2024 жылдың желтоқсан айында мас күйінде жедел қызметке қоңырау шалып, қаладағы сауда орталықтарының бірінде жарылыс болатынын хабарлаған.
Құқық қорғау органдары шұғыл түрде нысанды тексеріп, адамдарды эвакуациялаған. Алайда, хабарламаның жалған екені анықталған. Бұл оқиға арнайы қызметтердің жұмысына кедергі келтіріп, материалдық шығынға себеп болған.
Сот ер адамды жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танып, бір жылға бас бостандығынан айырды.
Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес Басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров азаматтарды жауапкершілікке шақырып, мұндай әрекеттердің жазасыз қалмайтынын ескертті.
«Террорлық актілер туралы жалған хабарламалар төтенше жағдайлар қызметін нақты жұмыстан алшақтатып, қоғамда үрей туғызады. Мұндай заң бұзушылықтар қылмыстық жауапкершілікке әкеледі», деді ол.