Светлана ЛЮБИНА,
банк қызметкері.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұлықтау салтанатында қазақстандықтар алдында көптеген міндеттерді шешу үшін жұдырықтай жұмылу, сыртқы фактордан төнетін сын-қатерлерге қарсы тұра білу қажеттігін алға тартты. Шындығында, келешекті ойлаған елдің басшысы алдағы күндері атқарылатын жұмыстарының жоспарын жасақтайды. Осы орайда Елбасының о бастан келешекті болжай білетін көрегендігіне тәнті болып келемін. Мәселен, 1997 жылы «Қазақстан-2030» Стратегиясын ұсынды. Сол кезде бұған таңдана, тіпті, күмәнмен қарағандар да көп болды. Алайда, бастаған ісін тиянақсыз қалдырмайтын, айтқан уәдесінде тұратын Нұрсұлтан Назарбаев өзі тізгінін ұстаған тәуелсіз ел экономикасын «Қазақстан-2030» Стратегиясында көзделген бағыттармен дамытуға белсене кірісті. Бұл Стратегияда көзделген міндеттер 15 жылда орындалып, табысты жетістіктерге қол жеткіздік.
Ал бұдан кейінгі «Қазақстан-2050» Стратегиясында да айқындалған міндеттер мен жоспарлар отандық экономиканы әлемдік бәсекеге қабілетті етуді, сөйтіп, Қазақстанды ең дамыған 30 елдің қатарына кіріктіруді көздеді. Осы Стратегия аясында елімізде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қолға алынды. Бұл бағдарламаның алғашқы бесжылдығында экономиканың әр саласын қарқынды дамытуға серпін берген кәсіпорындар көптеп іске қосылды. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұрын-соңды елімізде шығарылмаған жаңа өнімдер халықаралық талапқа сай шығарыла бастады.
Жаһандану үдерісі кең қанат жайған сайын сыртқы фактордан төнуі мүмкін сын-қатерлердің болатындығы және даусыз. Елбасы атап өткендей, әлемдегі өзгерістер әр мемлекеттің, соның ішінде, біздің де алдымызға таңдау қояры сөзсіз, яғни қазіргі экономикалық өркендеуді одан әрі жеделдете түсу қажеттігін қойып отыр. Міне, осы себептен, Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институттық реформадан құралған Ұлт жоспарын ұсынуының айрықша маңызы бар. Ал оны іске асыру тек Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің ғана міндеті деген ұшқары ойдан аулақ болуымыз қажет.
Ұлт жоспары – елді өркендетіп, асқар асуларды бағындырудың бас жоспары. Рас, ондағы бес институттық реформаны бір мезетте қатар іске асыру мүмкін емес. Сол себептен, оны кезең-кезеңмен іске асыру ісіне атсалысу қазақ жерін мекен еткен, ауасын жұтып, суын ішкен әр азаматтың төл міндеті болғаны жөн деп ойлаймын.
АТЫРАУ.

Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47