
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанда өтетін ауқымды бокс кешінде әуесқой бокста айтулы жетістіктерді бағындырып жүрген Махмұд Сабырхан мен Төрехан Сабырхан да шаршы алаңға шығып, кәсіби бокста алғаш рет бақ сынайды.
Бұл кештегі Махмұд Сабырханның қарсыласы - колумбиялық Николас Тордесилья. Бұл жұп бокс кешінде бірінші болып рингке шығады. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған.
Ал Төрехан Сабырхан 29 жастағы чех Джири Хаукемен жұдырықтасады. Отандасымыздың қарсыласы бұған дейін 10 кездесу өткізіп, 4-де жеңіске жеткен.
Бүгін ағайынды Сабырхандар кәсіби бокстағы жекпе-жегіне тас- түйін дайын екенін жеткізді.
«Бізге боксшылар тізімін 1 ай бұрын ұсынды. Бапкерімізбен ақылдасып осы қарсыластарды таңдадық. Жекпе-жекке дайынбыз», деді М. Сабырхан.