Аймақтар • 04 Сәуір, 2025

Алматыда екі күннен кейін мопедтерді тіркеу аяқталады

672 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жол қозғалысы туралы заңға енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес мопедтер толыққанды көлік құралы мәртебесіне ие болып отырғаны белгілі. Мопед жүргiзушiлерiнде A1 санатындағы жүргiзушi куәлiгi болуға, көлiктi арнайы ХҚКО-да тiркеуге, тiркеу туралы куәлiк, мемлекеттiк нөмiр және сақтандыру полисiн алуға мiндеттi, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда екі күннен кейін мопедтерді тіркеу аяқталады

Фото: astanatv.kz

Бүгін Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының процессингтік орталығының бастығы, полиция подполковнигі Айдын Меркімбаев екі  күннен кейін мегаполисте мопедтерді тіркеу жөніндегі республикалық науқан аяқталатынын хабарлады.

«Мопедтерді тіркеу мәселесі – тәртіп пен қауіпсіздікке бағытталған маңызды шара. Заң жолда жүргендер үшін бірдей, ал оны сақтау әркімнің қауіпсіздігінің кепілі. Өзгерістердің мақсаты-өмірді қиындату емес, оны сақтап қалу. Біз мопедтердің қатысуымен апаттылықтың үрейлі өсуін көріп отырмыз және мемлекет уақтылы әрекет етті», деді полиция подполковнигі.

вв

Айдын Меркімбаевтың айтуынша, 2024 жылы Алматыда мопедтердің қатысуымен 1084 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Подполковник атап өткендей, бұл мәселе жүргізушілік құжаттары жоқ, жол қозғалысы ережелерін білмейтін мопед мінген курьерлер арасында жиі орын  алады.  

«Жаңа өзгерістер бізге мопед иелерін анықтауға ғана емес, сонымен қатар Алматы жолдарындағы жалпы тәртіп деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», деп атап өтті спикер.

Бүгінгі таңда Алматыда 8 мыңға жуық көлік құралы тіркелген, олардың бір бөлігі экстерриториялық қағида бойынша, яғни иесінің тіркелген жеріне қарамастан рәсімделген.

Полицияның хабарлауынша, науқан аяқталғаннан кейін тіркелмеген мопедті басқару Әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады.