
Фото: olympic.kz/Сали Сабиров
XII Дүниежүзілік ойындарда бақ сынайтын спортшылар:
Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг)
Әсел Қанай (-61 кг)
Софья Берульцева (+68 кг)
Қайсар Алпысбай (-60 кг)
Дидар Әмірәлі (-67 кг)
Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)
Бұл кешенді жарысқа құрама үздіктері жолдама алған. Чэндуда бас-аяғы 96 каратэші жүлдеге таласады. Олар әлем чемпионаты және рейтинг нәтижесінде іріктелген. Каратэден жарыс 8-9 тамызға жоспарланған.
Айта кетейік, осыған дейінгі Дүниежүзілік ойын 2022 жылы АҚШ-тың Бирмингем қаласында өтіп, Қазақстан 4 медаль (1 алтын, 2 күміс, 1 қола) жеңіп алған. Нәтижесінде делегация Португалиямен бірдей көрсеткіш көрсетіп, жалпы есепте 37-сатыға тұрақтады. Алтынды Қазақстан қоржынына Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (+68 кг) салған еді.