
«Жақсылық Мұқашұлының мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Ол 6 жыл бойы облыс орталығының әкімі болды. Өңірдің барлық мәселелері мен тұрғындарының мұң-мұқтажы оған жақсы таныс. Оның жаңа, әрі жауапты қызметке өз білімін, күш-жігерін барынша жұмсайтынына сенімдімін», деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Еске салсақ, Жақсылық Омар 27 қараша күні өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Өскемен қаласының әкімі лауазымынан босатылған. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ШҚО әкімінің кеңесшісі болды.