
Фото: Turizm jane sport ministrligi
Әуесқой бокс: Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында Әлем кубогінде Қазақстан құрамасы боксшылары 3 алтын, 3 қола жеңіп алды.
Фристайл-акробатика: Швейцарияның Айроло қаласында Еуропа кубогі кезеңінде Дінмұхаммед Райымқұлов 1 алтын және 1 күміс жүлде еншіледі.
Нысана көздеу: Буэнос-Айресте (Аргентина) басталған Әлем кубогінде винтовкамен 50 метрден 3 позицияда әйелдер арасында Арина Алтухова қола жүлдеге қол жеткізді.
Таэквондо: Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамасы Serbia Open G1 (Сербия) халықаралық турнирінде 4 алтын, 1 қола медаль иеленді.
Кәсіпқой бокс: Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11КО) елордада франциялық Анауэль Нгамиссингемен (14-0, 9КО) жұдырықтасып, 5-раундта нокаутпен жеңіске жетті.