Оқиға • 07 Сәуір, 2025

Бейнеулік жиһанкез түркі елдерін велосипедпен араламақ

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстаулық жиһанкез Раббим Борашев «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәдени жылының аясында түркі мемлекеттерін велосипедпен аралауға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Бейнеулік жиһанкез түркі елдерін велосипедпен араламақ

Жиһанкез Қоңырат-Хиуа-Үргеніш-Самарқанд-Ташкент-Түркістан-Тараз-Бішкек-Алматы-Ашхабад қалаларын аралап, 4 500 шақырымды жүріп өтпек.

«Ақтау қаласы күллі түркі әлемінің мәдени астанасы атанып жатыр. Соған орай, Париждегі сапарым секілді түркі елдерінің ынтымақтастығын, бірлігін көрсету мақсатында жолға шықтым. Түркі мемлекеттерінің бірлігі бекем болғай, ақ жол тілеген халыққа алғысым шексіз!»,  деді жиһанкез Раббим Борашев.

Раббим Борашев - бұған дейін бірқатар еуропа елдерін велосипедпен аралап, мыңдаған шақырымдарды артта қалдырған кәнігі саяхатшы.

Велошабандозды өңір тұрғындары теңіз жағалауында салтанатты түрде шығарып салды. Іс-шараға Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Шалбаев қатысып, сәтті сапар тіледі.

«Халықаралық іс-шара аясында басталған Раббим Борашевтың сапары сәтті болсын! Облысымызға қонақ болып келген түркі елдерінің құрметтілері ағамызға қол-ұшын созып, көмектесіп отырса дейміз. Аман-есен елге оралуыңызға тілектеспіз!»,  деді Рахымжан Шалбаев.