
Фотолар: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңа турбореактивті мамандандырылған ұшақ ауыр жағдайдағы пациенттерді алып жүруге арналған екі медициналық модулмен жабдықталған. Сеулде емделіп жатқан жүрегінде ақауы бар сәби осы санавиациямен елге жеткізіледі.
Бұл рейс қауіпсіздік пен жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін ең жаңа әуе кемесін пайдалану арқылы адамдардың өмірін сақтаудағы маңызды қадам болды.
Туа біткен жүрек кемістігі диагнозы қойылған 4 жасар бала Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығында (Алматы) одан әрі емделуі тиіс.