
Фото: Reuters
Ақ үйде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесу кезінде Трамп келіссөздердің сенбі күні өтетінін, бірақ олардың шын мәнінде әлдеқашан басталып кеткенін айтқан.
Айта кетейік, АҚШ президенті келіссөздердің қайда өтетінін және кімдердің қатысатынын нақтыламаған.
«Егер Иранмен келіссөздер сәтсіз аяқталса Иран үлкен қауіпке тап болады. Мұны айту маған ұнамайды, бірақ олардың ядролық қаруға ие болуына жол берілмейді», деді Дональд Трамп.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранды Израиль үшін экзистенциалды қауіп деп есептейді және ядролық қару жасауға жол ашуы мүмкін кез келген келісімге қарсы екенін білдіріп келеді.