Қоғам • 08 Сәуір, 2025

Ауыз судың сапасы алаңдатады

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көктемгі қызыл су жүрген уақытта Ақмола облысының тұрғындары ауыз судың  сапасына алаңдайтыны бар. Биыл да бұл мәселе күрделене түскен, деп жазады Egemen.kz

Ауыз судың сапасы алаңдатады

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасованың мәлімдеуіне қарағанда, жыл басынан бері орталықтандырылған су көздерінен 1356 су сынамасы алынған. Оның 74-і микробиологиялық, ал, 178-і санитарлық-химиялық талаптарға сай келмеген.

«Ең жоғары сәйкессіздік көрсеткіштері Астрахан, Аршалы, Жарқайың аудандарында және Көкшетау қаласында тіркелді. Бұл жерлерде санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктердің үлес салмағы 85,4 пайызды құрап отыр», дейді ол.

Қазір су сапасына ерекше көңіл бөлінуде. 20 наурыздан бастап қала бойынша 27 су сынамасы зерттеліп, оның 15-і санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша талапқа сай болмаған. Краснояр кентінде судың иіс, дәм, түс және лайлылық көрсеткіштері бойынша нормадан асқан жағдайлары анықталған. Осыған байланысты Көкшетау қаласы мен аталған кентте таза су қоймаларына гиперхлорлау жүргізілді.

Барлық тиісті ведомстволар су тасқыны кезеңіндегі қауіп-қатерді азайтып, халық пен инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуде.