
Ерасыл және оның әкесі Мұратбай екеуі осы жүйенің механизімін жасады.
Жүйе мынадай қызметтерді іске асырады: қораның есігі қашықтықтан телефон арқылы басқарылып, ашылып-жабылады, ал мал суару жүйесі қашықтықтан басқару арқылы іске қосылады. Әке-шешесінің қол еңбегін біраз жеңілдеткен Ерасыл ауылға заманауи технологияларды енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыруға қол жеткізуге ұмтылатынын айтады. Алдағы уақытта өнертапқыш студенттің жобасын өзге де шаруашылық иелері қолданысқа енгізуі мүмкін. Ол үшін елді мекендерде интернет желісінің жылдамдығы өте маңызды.
Студенттің ғылыми жетекшілері: Тоқсанбаева Бақытгүл, Калиева Айман.