Аймақтар • 12 Сәуір, 2025

Батырлардың есімдері ұмытылмайды

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдағы «Абылай хан резиденциясы» музей-кешенінің ұйымдастыруымен Райымбек батырдың 320 жылдығына арналған «Қазақ елдігін сақтап қалудағы батырлардың рөлі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция болып өтті.

Батырлардың есімдері ұмытылмайды

Оның жұмысына жергілікті тарихшы-өлкетанушылар: М.Қозыбаев атындағы СҚУ профессоры Зарқын Тайшыбай, Әскери ғылымдар академиясының академигі Жанбатыр Сартаев, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, Шал ақынның ұрпағы Мұрат Жантілеуов, зуммен Алматыдан Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының профессоры Гүлнәр Мұқанова, Астанадан тарих ғылымдарының кандидаты, Агротехникалық университеттің профессоры Сабыр Ыбыраев, СҚУ профессорлары Саттар Қазиев, Анатолий Плещаков, Злиха Бимақанова және т.б. қатысып, баяндамалар жасады.

Қазақ даласының тұтастығы мен ел бірлігін сақтаудағы батырлардың рөлі кеңінен айтылды. «Батырлық білекте емес жүректе» деген, елі үшін ерекше еңбек жасаған жандардың бәрінде қазақ халқы батыр деп құрметтеген. Ондайлар қыздардың арасынан да көп шыққан», деді профессор Зарқын Тайшыбай.

ПЕТРОПАВЛ