Жеңіл атлетика • 14 Сәуір, 2025

Гимнаст Милад Карими әлем кубогінің кезеңінде жеңіске жетті

557 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гимнаст Милад Карими әлем кубогінің кезеңінде жеңіске жетті

Ол кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында қарсыластарына дес бермеді.

Карими төрешілердің шешімімен 14.666 ұпай жинады. Осылайша, Милад бұл Әлем кубогының кезеңінде екінші жүлдесіне қол жеткізді. Ол бұған дейін еркін жаттығуларда үшінші орын иеленген еді.

Финалда екінші орынға Израиль спортшысы Александр Мякинин ие болса(14.433), ал қытайлық Чени Се (14.300) үшінші нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, Осиекте өткен жарыста Қазақстан құрамасы үш жүлде жеңіп алды. Каримиден бөлек Нариман Құрбанов та жүлдегер атанып, ат снарядында өткен жаттығуларда қола медаль жеңіп алды.