Табиғат • 15 Сәуір, 2025

Орталық Азия барысы қайтадан фототұзаққа түсті

1781 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ерекше оқиға – Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында болған, деп жазады Egemen.kz.

Орталық Азия барысы қайтадан фототұзаққа түсті

Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Орталық Азия барысын қорғауға және зерттеуге бағытталған халықаралық жоба аясында орнатылған фототұзақ – 2024 жылдың 29 қазанынан 21 желтоқсанына дейін өзгеше жануарды 4 рет тіркеген.

Фототұзақ объективіне осы жолы 5-інші рет түсіп қалған Орталық Азия барысы тұрғысында Үстірт қорығы маңызды рөл атқаратыны тағы айғақталып отыр. Яғни, аталған парк – жойылып бара жатқан түрдің табиғи ортасы іспетті.

Бақылау жұмыстары қоршаған ортаны қорғауға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жалғасып жатыр.