
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Премьер-министр әкімдіктердің назарын өрт сөндіру кезінде жедел әрекет етіп, өзара іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың жаңа іс-қимыл алгоритмін енгізу қажеттігіне аударды.
Сонымен қатар Олжас Бектенов Өрт сөндіру кезінде шұғыл әрекет етіп, тиісті күштерді жұмылдыру үшін жаңадан Мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмі әзірленгенін атап өтті.
«Алайда биыл Павлодар және Абай облыстарында болған табиғи өрт бұл алгоритмнің орындалмай отырғанын көрсетті. Мысалы, Абай облысында орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері өртке қарсы шұғыл қимылдау былай тұрсын, тіпті Төтенше жағдайлар, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктеріне өрттің шыққаны туралы тез арада хабар да бермеген. Павлодар облысында да дәл осындай жағдай орын алды. Экология, Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрліктеріне осы екі өңірдегі өрттің шығу себептерін тексеріп, тиісті шаралар қабылдауды және кінәлілерді анықтап, жауапкершілікке тартуды тапсырамын», деді Үкімет басшысы.