
Оған студенттер мен оқушылар арасынан 40 адам қатысып жатыр.
«Біздің басты мақсатымыз пилотсыз ұшатын аппараттарға жастар мен олардың ұстаздарын тарту», дейді Astana IT University ғылыми қызметкері З.Құтпанова.
Жалпы, 2025 жылдың 3-26 сәуір аралығында Қазақстанның 13 өңірінде пилотсыз ұшу аппараттарын басқару бойынша аймақтық іріктеу кезеңдері өтеді. Байқауға дрон технологиясына қызығушылық танытқан дарынды оқушылар, студенттер мен оқытушылар қатысады.
Қатысушылар дрондарды симуляторларда ұшыру бойынша шеберліктерін көрсетеді. Турнир бірнеше кезеңде өткізіледі. Жүлде қоры 1 млн теңге.
ПЕТРОПАВЛ