20 Маусым, 2015

Сенатор ЕҚЫҰ-да баяндама жасады

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ЕҚЫҰ-ның Венадағы штаб-пәтерінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» тақырыбы бойынша 1325 қарарының орындалу мәселесін қарауға арналған Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форумның кезекті отырысы өтті. Негізгі баяндаманы Қазақстан Республикасы Парламенті Сена­тының депутаты Бірғаным Әй­ті­мова жасады. Ол ЕҚЫҰ-дағы Сербия төрағалығы кезінде ген­дерлік мәселелер жөніндегі бейресми жұмыс тобының жетекшісі болып тағайындалған болатын. Дүниежүзінде және ЕҚЫҰ жауап­кершілігі бар аймақта 1325 қарарды іске асыру туралы жан-жақты ақпарат айтылған баяндаманы Ұйымға мүше елдердің делега­циялары жоғары бағалады. Б.Әйтімова ЕҚЫҰ-ның Вена­дағы гендерлік мәселелер жөнін­дегі бейресми жұмыс тобының отырысына да қатысып, ЕҚЫҰ-ның 2004 жылғы Гендерлік мәсе­лелер жөніндегі жоспарына толық­ты­рулар жобасын талқылауға жетек­­шілік етті, деп хабарлады Қа­зақ­стан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.